Бұл күн 2009 жылдан бастап атап өтіледі, ол кезде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) «Өмірді сақтаңыз: қолыңызды жуыңыз» атты жаһандық науқанды бастаған болатын.
Осы күн аясында санитариялық қызмет акция өткізді, олардың бірі Көкшетау қаласындағы №4 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналды.
Оқушыларға зиянды микробтар туралы айтып, қолды дұрыс жуу тәсілін көрсетіп, бұл қарапайым дағдының тек өзіңді ғана емес, айналаңдағы адамдарды да қорғайтынын түсіндірді. Мектеп оқушылары әңгімеге белсене қатысып, мамандардың басшылығымен қол жуу техникасын қызығушылықпен үйренді.
Осылайша, бұл акция танымдық әрі көңілді ғана емес, шын мәнінде пайдалы шара болды.