Осыған орай Ақмола облысы әкімінің орынбасары Данияр Айтбаевтың төрағалығымен аудандық әкімдікте «2025 жылдың жазғы кезеңінде Ақмола облысында балалардың қауіпсіз жазғы демалысын қамтамасыз ету туралы» кеңейтілген кеңес өтті.
Іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, бақылаушы құрылымдар, балаларды сауықтыру орталықтарының және өңірдің туристік нысандарының басшылары қатысты.
Негізгі баяндамамен Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Сәуле Садвакасова сөз сөйледі. Өз сөзінде ол балалар демалысын ұйымдастырушылар кездесетін негізгі проблемалық мәселелерді атап өтті. Әсіресе санитариялық нормаларды сақтау, тамақ сапасы, гигиеналық жағдайлар мен медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге баса назар аударылды.
Сондай-ақ, ол балалар лагерлерінің жұмыс істеуі үшін қажет рұқсат құжаттарын алу тәртібін егжей-тегжейлі түсіндіріп, құжаттарды уақытылы рәсімдеу мен талаптарды сақтау — маусымның қауіпсіз және қиындықсыз өтуінің кепілі екенін атап өтті.
Сонымен қатар, кеңес барысында ведомствоаралық өзара іс-қимыл, демалыс нысандарын мониторингтеу, бұзушылықтар немесе төтенше жағдайлар анықталған кездегі әрекет алгоритмдері мәселелері талқыланды. Лагерь қызметкерлері үшін алдын алу жұмыстарын күшейту және оқыту семинарларын өткізу туралы ұсыныстар айтылды.
Кеңес соңында Данияр Айтбаев жауапты органдар мен лагерь басшыларын жазғы маусымға алдын ала дайындалуға шақырды. Ол балалардың қауіпсіздігі — бұл басты басымдық және осы үдерістің барлық қатысушыларының ортақ жауапкершілігі екенін қадап айтты.