Іс-шара аясында «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Әсіресе, өңірдің білім беру ұйымдарында балаларды сапалы әрі қауіпсіз тамақпен қамтамасыз етуге қатысты проблемалық аспектілерге ерекше назар аударылды.
Сәуле Садвакасова бұл мәселелерді шешуде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, мектептегі тамақтануды ұйымдастыру кезінде санитарлық нормалар мен ережелерді қатаң сақтау қажеттігін және көрсетілетін қызметтердің сапасын жүйелі түрде бақылап отырудың маңызын ерекше атап өтті.
Отырысқа қатысушылар бар мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдары бойынша пікір және ұсыныс алмасты, сондай-ақ партия бағдарламасын іске асыру аясында жағдайды жақсарту бойынша алдағы қадамдарды белгіледі.