Іс-шараның бастамашысы – Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Сәуле Сәдуақасова. Семинарға департамент қызметкерлері, сондай-ақ аумақтық басқармалардың өкілдері қатысты.
Семинар барысында Сәуле Сәдуақасова мемлекеттік қызмет жүйесінде этикалық нормаларды сақтаудың өзекті мәселелерін қозғаған баяндама жасады.
Семинарда жаңадан қабылданған жас мамандарға ерекше көңіл бөлінді. Әдеп жөніндегі уәкіл жас кадрлармен жүйелі жұмыс істеудің, олардың кәсіби қалыптасуы мен қызметтік әдеп қағидаттарын жұмыстың алғашқы күндерінен бастап енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Семинар соңында қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің телефон арқылы сөйлесу кезінде әдепті мінез-құлық ережелерін көрнекі түрде бейнелейтін оқыту бейнеролигі көрсетілді.
Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілер арасында тұрақты этикалық стандарттарды қалыптастыруға, бұзушылықтардың алдын алуға және іскерлік қарым-қатынас мәдениетінің жалпы деңгейін арттыруға бағытталған.