Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан қоғам талаптары мен ұлттық тәжірибені ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіре отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің заңнамалық механизмдерін бірізділікпен құрып келеді.
Мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері өз қызметінің ашықтығын арттырып, олардың үлесін қоғамдық бағалау жүйесін қолдай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді рөл атқаруға шақырылады.
Осы бағытта Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2023-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын әзірледі. Жоспарға қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңнаманың сақталуын қадағалауға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар кіреді.
Аталған шаралар аясында Департамент мамандары құқықтық оқудан өтіп, заңнамалардағы өзекті өзгерістермен танысып, құқықтық нормаларды сақтауға бейімделеді. Құқық қолдану мәселелері Департамент басшылығының қатысуымен өтетін алқалар мен жиналыстарда жүйелі түрде қарастырылады.
Халықпен өзара іс-қимылды күшейту және ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін Департамент пен аумақтық басқармаларда сенім телефондары жұмыс істейді, олардың ақпараттары ведомствоның ресми сайтында жарияланған. Департамент басшылығы мен этика жөніндегі уәкіл бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдайды.
Сонымен қатар, қызметте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тәуекелдерді ішкі талдау үнемі жүргізіліп, кейіннен ұсыныстар әзірленеді.
Ведомствоның этика жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілер арасында анонимді сауалнамалар жүргізіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға төзбеушілік көзқарас қалыптастырады, бұл ашықтық пен жауапкершілік атмосферасын құруға ықпал етеді.
Барлық мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Этикалық кодекс нормаларының бұзылуы мәселелері бойынша азаматтар Көкшетау қаласы, Кенесары көшесі, 14а мекенжайына жүгіне алады. Департаменттің этика жөніндегі уәкілінің телефоны: 8 (7162) 26-55-86, сенім телефоны: 8 (7162) 26-55-88.