Санитариялық қызметте халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды сертификаттау қызметі көрсетіледі.

Санитариялық қызметте халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды сертификаттау қызметі көрсетіледі.
Бүгінгі таңда бұл тақырып өзекті мәселелердің біріне айналып, көптеген практикалық сұрақтарды тудыруда.
Сертификаттау үдерісінің негізгі аспектілерін түсіндіру мақсатында Ақмола облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде ақпараттық-оқыту семинары өтті.
Іс-шараға Ұлттық сараптама орталығы филиалының мамандары, аудандық бөлімшелердің өкілдері, сондай-ақ мүдделі ведомстволар мен ұйымдар қатысты.
Семинар барысында қатысушылар мамандарды сертификаттау тәртібі мен кезеңдерін, нормативтік-құқықтық базаға енгізілген өзекті өзгерістерді, кәсіби даярлық пен біліктілікке қойылатын талаптарды, сондай-ақ сертификаттау рәсімдерінен өтудің практикалық аспектілерін талқылады.