Рұқсат құжаттарын беру бойынша семинар

Рұқсат құжаттарын беру бойынша семинар
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде аумақтық басқармалардың қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Оның басты мақсаты – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес рұқсат құжаттарын беру тәртібін түсіндіру.
Қызмет басшысының орынбасары Сәуле Садуакасова бұйрықтағы негізгі өзгерістер туралы айтып берді. Оның айтуынша, жаңашылдықтар құжаттарды рәсімдеу процесін жеңілдетуге және жеделдетуге бағытталған, бұл мамандарға өз жұмыстарын тиімдірек орындауға көмектеседі.
Семинар барысында Әділ Жасуланов баяндама жасап, өтінімдерді қарау тәртібін, рұқсат беру процесін және негізделген бас тарту жағдайларын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Мамандар практикалық сұрақтарды талқылап, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, қажетті жауаптарын алды.