Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде атмосфералық ауаны қорғау мәселелеріне арналған кеңес өтті. Іс-шараға "Қазгидромет" РМК Ақмола облысы бойынша филиалының өкілі қатысты.

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде атмосфералық ауаны қорғау мәселелеріне арналған кеңес өтті. Іс-шараға "Қазгидромет" РМК Ақмола облысы бойынша филиалының өкілі қатысты.
Қазіргі уақытта ведомствоның бақылауында атмосфераға шығарындылары ұйымдастырылған 64 нысан бар. Ластанудың негізгі көздері өнеркәсіптік кәсіпорындар мен автокөліктер болып табылады. 2024 жылы облыста ластаушы заттар шығарындыларының жалпы көлемі 69,5 мың тоннаны құрады, бұл қоршаған ортаға теріс әсерді азайту жөніндегі кешенді шараларды талап етеді.
"Қазгидромет" өкілі кеңеске қатысушыларды халық үшін қолжетімді ауа сапасын мониторингтеудің заманауи құралдарымен таныстырды. Атап айтқанда, республикалық метеорологиялық орталықтың сайтында орналастырылған атмосфералық ауаның сапасы жөніндегі интерактивті карта, сондай-ақ ауаның ластану деңгейін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін "AirKz" мобильді қосымшасы ұсынылды.
Талқылау барысында Департамент басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасова одан әрі ынтымақтастық аясында және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында "Қазгидромет" РМК-мен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды ұсынды. Оның айтуынша, бұл қадам атмосфералық ауаның жай-күйін бақылауды күшейтіп қана қоймай, оны қорғау шаралары туралы халықтың хабардарлығын арттыруға мүмкіндік береді.
Кеңес қорытындысы бойынша ауаның сапасын жақсарту жөніндегі бірлескен іс-шараларды әзірлеу, сондай-ақ ластаушы заттардың шығарындыларын тиімді бақылау үшін ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту туралы шешім қабылданды.