Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған оқыту іс-шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылады. Бүгін ведомство қабырғасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелеріне арналған кезекті семинар өтті.

Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа байланысты негізгі тәуекелдер мен оның алдын алудың тиімді әдістері қарастырылған бейнеролик көрсетілімімен басталды. Кәсіби қызметте ашықтық пен адалдық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Сәуле Сәдуақасова өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі элементі екенін атап өтті. Ол бұл бағыттағы негізгі құралдар ретінде қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруды, этикалық стандарттарды сақтауды және ішкі бақылауды күшейтуді атап өтті.
Семинар барысында инвесторларға қатысты тексеру жүргізу туралы шешімдерді келісу рәсіміне қатысты түсіндірмелер берілді. Мамандар осы процесті реттейтін заңнамалық нормаларды егжей-тегжейлі қарастырып, бақылау іс-шараларын жүзеге асыру кезінде ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою тетіктерін талқылады.