
Эпидемиологиялық маңызы жоғары объектілерде санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы.

Тез бұзылатын өнімдерге құжаттаманың жеткіліксіздігі, оның ішінде өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болмауы.

Кросс-ластануға әкелуі мүмкін технологиялық процестердің бұзылуы.

Дайын өнім мен шикізат арасындағы тауарлық көршілестікті сақтамау.

Кесетін мүкәммалды таңбалаудың болмауы және оны хаотикалық сақтау.

Өндірістік бақылаудың болмауы: бағдарламалар әзірленбеген немесе бақылау жүргізілмейді.

Қызметкерлерді медициналық тексеру не жүргізілмейді, не мерзімі өткен.

Тазалауға арналған мүкәммал мақсаты бойынша таңбаланбаған, сақтау шарттары сақталмаған.

Зиянкестердің пайда болу қаупін тудыратын дератизациялық және дезинсекциялық шаралардың болмауы.

Дайын өнімнің микробиологиялық сәйкессіздігі.

Өнімдерді таңбалауды бұзу: толық емес немесе дұрыс емес ақпараты бар өнімдер сатылымға шығады.
Егер сіз қоғамдық тамақтану немесе сауда орындарында санитарлық нормаларды сақтамау фактісіне тап болсаңыз, Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне немесе оның аумақтық басқармаларына жазбаша өтініш жібере аласыз.
Ол үшін өтінішке тіркелген жөн:
Орны мен күні көрсетілген фото және бейнематериалдар.
Көмек сұраған жағдайда медициналық мекемелерден анықтамалар.
Зертханалық зерттеулердің нәтижелері (бар болса).