Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинациялау күнтізбесіне сәйкес ВГВ вакцинасы балаларға өмірінің 1-4 күнінде, сондай-ақ 2 және 4 айында енгізіледі.
Инфекциядан қорғайтын ВГВ қарсы вакцина
В гепатиті – бұл бауырдың өмірге қауіпті жұқпалы ауруы, оның қоздырғышы В гепатиті вирусы (HBV).
В гепатиті көбінесе анадан балаға босану кезінде (перинатальды берілу) немесе отбасылық шеңберде көлденең берілу нәтижесінде (жұқтырған қанмен байланыс), әсіресе бес жасқа дейінгі балалар арасында беріледі.
Сонымен қатар инемен инъекциялау, татуировка жасау, пирсинг және жұқтырған қан мен биологиялық сұйықтықтармен, соның ішінде сілекей, етеккір және вагинальды бөліну және ұрық сұйықтығымен байланыс арқылы беріледі.
Көп жағдайда бастапқы инфекция симптомсыз ағымды болады.
Дегенмен, кейбір пациенттерде бірнеше аптаға созылатын айқын белгілері бар жіті жағдайлар сақталады: терінің және склераның сарғаюы, зәрді қоюлануы, қатты әлсіздік, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы.
Асқынулар
Сирек жағдайларда жедел гепатит өлім қаупі бар жедел бауыр жеткіліксіздігінің дамуына әкелуі мүмкін.
В гепатиті вирусы созылмалы жұқпалы бауыр ауруын тудыруы мүмкін, ол уақыт өте келе циррозға (бауырдың тыртықтануы) немесе бауыр қатерлі ісігіне айналуы мүмкін.
В гепатитінің асқынуын вакцинация арқылы болдырмауға болады.