Тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану, сауда объектілерінде анықталған өрескел бұзушылықтар

Тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану, сауда объектілерінде анықталған өрескел бұзушылықтар
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық басқармалары Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес субъектілерге (объектілерге) барып профилактикалық бақылау жүргізеді.
2024 жылдың 9 айын умақтық басқармалардың мамандары 47 объектіні, оның ішінде 9 қоғамдық тамақтандыру объектіні, 12 тамақ өнеркәсібін және 26 тамақ өнімдерін сататын объектіні тексерді, олардың 36-де санитариялық талаптардың бұзылуы анықталды.
Айта кету керек, мұндай бұзушылықтар жиі кездеседі:
✔️жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы;
✔️тез бұзылатын өнімге, шикізатқа ілеспе құжаттардың, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болмауы;
✔️технологиялық процестердің ағымы сақталмайды;
✔️дайын тамақ өнімдері мен пайдаланылатын шикізаттарды бірге сақтауға қойылатын талаптар сақталмайды;
✔️кесу мүкәммалының таңбалануы жоқ, оны сақтау ретке келтірілмеген;
✔️өндірістік бақылау бағдарламасы әзірленбеген, өндірістік бақылау жүргізілмейді;
✔️жұмысқа медициналық қарап-тексеруден өтпеген немесе медициналық қарап-тексеру мерзімі өтіп кеткен персонал тартылады;
✔️жинау мүкәммалы мақсатына сәйкес таңбаланбаған, сақтау шарттары сақталмайды;
✔️дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар жүргізілмейді;
✔️микробиологиялық көрсеткіштер бойынша дайын тамақ өнімдер сәйкес келмейді;
✔️сатуда таңбалауға сәйкес келмейтін тамақ өнімдері қабылданады.
Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің атына санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы санитариялық ұйғарымдар берілді.
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Қоғамдық тамақтандыру объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, Сіз Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне немесе оның аумақтық басқармаларына жазбаша өтініш, оған жері, күні сәйкестендірілген фото және (немесе) бейнематериалдар, медициналық көмекке жүгіну фактісі бойынша денсаулық сақтау ұйымынан анықтамалар, зертханалық зерттеулер және т.б. қоса отырып, жолдай аласыз.
2015 жылғы 29 қазандағы Кодекстің 144-бабының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексерудің негіздері жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу бойынша өтініштері дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдер болған кезде болып табылады.