Денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция, дератизация қызметтерін көрсетуге лицензия беру

Денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция, дератизация қызметтерін көрсетуге лицензия беру

2024 жылғы 1 шілдеден бастап «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары күшіне енді.

«Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) «электрондық үкімет» www.egov.kz , www.elicense.kz  (бұдан әрі – портал)  веб-порталы арқылы көрсетеді.

Төлем «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 554 – бабына сәйкес 10 АЕК құрайды.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі лицензия беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні, лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні.  

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

1) лицензия алу үшін:

- (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10195 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен (бұдан әрі - № 3 бұйрық) бекітілген нысан бойынша өтініш;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-101 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29825 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;

- ЭҮШ-да мәліметтер болмаған кезде дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын дайындау және (немесе) сақтау бойынша объектінің (объектілердің) сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі;

- санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары және (немесе) техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) медициналық білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі (2015 жылға дейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушының дезинфектор-нұсқаушылары үшін);

- денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің электрондық көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының дезинфекторлары мен дезинфектор-нұсқаушылары үшін);

2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде:

- 3 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша өтініш;

- ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.

Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;

2) лицензиялық алым енгізілмеген;

3) өтініш иесінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі

4) өтініш иесіне қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

5) сот орындаушысының нұсқамасының негізінде сот өтініш иесі-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайларда жүзеге асырылады;

6) лицензия алу үшін өтініш иесі ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталса, лицензия беруден бас тартылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі лицензия немесе дәлелді бас тарту болып табылады.