Оқушылардың дұрыс тамақтануы-олардың денсаулығының кепілі. Ұйымдастырылған ұжымдарды тамақтану ұйымдастыратын ұйымда мәзір әзірленеді, оны ұйым басшысы бекітеді. Тамақтану объектісі (кәсіпкерлік субъектісін қоса алғанда) ұйымдастырылған ұжымдарда тамақтандыруды ұйымдастыруға тартылған кезде, мәзірді тамақтандыру объектісінің басшысы (кәсіпкерлік субъектісі) бекітеді, оны тамақтану ұйымдастырылатын ұйымның басшысы келіседі.
Білім беру объектілерінде перспективалы маусымдық ( жаз–күз, қыс–көктем) дұрыс, теңгерімді екі апталық мәзір жасалады.
Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану рационында дәруменді-минералды кешенмен байытылған тамақ өнімдері көзделеді.
Тамақтанудың іс жүзіндегі рационы мен күнделікті ас мәзірін жасау бекітілген перспективалы ас мәзіріне сәйкес қамтамасыз етіледі. Ұйымдастырылған ұжымдарды тамақтандыру бекітілген мәзірге сәйкес жүзеге асырылады.
Ұйымдастырылған ұжымдар үшін қызмет көрсететін және дайындайтын тамақтану объектілерінде күн сайын тарату мәзірі жасалады, онда тамақ алатын адамдардың саны, тағамның шығын (салмағын) грамммен көрсете отырып, әрбір тамақ ішуге арналған тағамдардың тізбесі, сондай-ақ әрбір тағам бойынша тамақ өнімдерінің шығымы («брутто» массасында) көрсетіледі.
Бесін аста мәзірге 021/2011 КО ТР техникалық регламентінің 8-бабына сәйкес рұқсат етілген тоқашпен немесе кремі жоқ кондитерлік өнімдермен бірге сусын (сүт, сүт қышқылы өнімі, кисель, шырындар) енгізіледі.
Білім беру объектілерінде, мектепке дейінгі ұйымдарда және балалар үйлерінде тамақ ішу арасындағы аралық 3,5-4 сағаттан аспайды.
Білім алушыларды тамақ өнімінде көрсетілген оның қауіпсіздігін растайтын зертханалық-аспаптық зерттеулер нәтижелері болған кезде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы ұйымдарда, білім беру объектілерінің оқу-тәжірибелік және бақша учаскелерінде, жылыжайларында өсірілген, өсімдіктен алынған азық-түлік шикізаты пайдаланылады.
Білім алушылардың ас блогының өндірістік үй-жайларында болуына және оларды тағам дайындаумен, көкөністерді тазалаумен, дайын тағамды таратумен, нан тураумен, ыдыс жуумен, өндірістік үй-жайларды жинаумен байланысты жұмыстарға тартуға болмайды.
Сусындарды құю тікелей тарату алдында тұтынушының қаптамасына (ыдысына) (оның ішінде стақандар, бокалдар) жүзеге асырылады, тарату алдында ортақ ыдысқа құюға болмайды.
Тәрбиелеу және білім беру объектілерінің, мектепке дейінгі ұйымдардың, балалар үйлерінің, балаларды сауықтыру және санаторий объектілерінің тамақтану объектілерінде:
мыналарды:
қатық, сүзбе, айранды;
туралған ет қосылған құймақтарды;
флотша макаронды;
зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді;
кремі бар кондитерлік өнімдерді;
тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда және балалар үйлерінде – қалуа, мармелад, пастила);
морстар, квастарды;
фритюрде қуырылған өнімдерді;
шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны;
күрделі (төрт компоненттен артық) салаттарды, қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;
окрошканы;
саңырауқұлақтарды;
өнеркәсіптік емес дайындалған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін;
тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;
газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда);
фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, пиццалар, наггетстер, чипсілер (чипсондар), дәмдік қоспалары бар тұздалған қытырлақ нанды;
ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) дайындауға және өткізуге жол берілмейді.
Жоғары оқу орындарын және жоғары оқу орнынан (ЖОО) кейінгі ұйымдарды қоспағанда, білім беру объектілерінде тамақ өнімдерін автоматты түрде өткізуге арналған аппараттарды орнатуға болмайды.
Білім беру объектілерінде, балалардың мектепке дейінгі ұйымдарында, рұқсат етілмейді.
Мектеп жылдары-бұл баланың өміріндегі өте маңызды кезең. Мектепке барған кезде оның қоршаған ортасы ғана емес, өмір салты да өзгереді. Толық қозғалыс еркіндігінің орнына оны бірнеше сағат бойы мәжбүрлі қалыпта отыру және ақыл-ой жұмысы күтеді. Сондықтан балаға мектеп таңдау кезінде мектептегі тамақтануды ұйымдастыруға өте мұқият назар аудару керек.