Медицина қызметкерлерінің ауруханаішілік АИТВ-инфекциясын жұқтырудың алдын алу

Медицина қызметкерлерінің ауруханаішілік АИТВ-инфекциясын жұқтырудың алдын алу
Медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша талаптарды ҚР ДСМ 2021 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ-44 бұйрығы айқындады.
АИТВ инфекциясын жұқтырудың кәсіптік тәуекелі бар медициналық ұйымдарда жанасудан кейінгі профилактиканы жүргізу үшін жедел тесттер мен ретровирусқа қарсы препараттар қоры болуы тиіс. Сонымен қатар, олар тәулік бойы қол жетімді болуы керек. Медициналық ұйым басшылығының және АИТВ/ЖИТС бойынша жауапты дәрігердің Т.А.Ә., телефондарын көрсете отырып, құлақтандыру жүйесін әзірлеу және бекіту. Антиретровирустық препараттарды сақтауға жауапты маманды айқындау. Медицина қызметкерлерінде ЖИТС орталығының мамандарынан немесе медициналық ұйымда ЖИТС-тің алдын алуға жауапты дәрігерлерден дереу кеңесу алу мүмкіндігі болуы тиіс.
Инфекцияны жұқтыру кезіндегі әрекеттер
Авариялық жағдай
Ең алдымен, медициналық ұйымның басшылығына хабарлауды ұмытпаңыз. Апаттық жағдайда зардап шеккендер авария кезінде жедел тестті пайдалану арқылы АИТВ инфекциясына тексеріледі. Содан кейін авариялық жағдайдан кейін ИФА/ИХЛ әдісімен және 1 және 3 айдан кейін расталады. Жарақаттың себебіне эпидемиологиялық тексеру жүргізу; жарақаттың себебін медицина қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындауымен байланысты айқындау; «Ықтимал жұқтырған материалмен кәсіби байланыс туралы есепті» толтыру; авариялық жағдайларды тіркеу журналына жазба жасау қажет.
АИТВ инфекциясын жұқтыру тәуекеліне ұшыраған медицина қызметкеріне бақылау кезеңінде:
1) қорғалмаған жыныстық қатынасты болдырмау, серіктестің инфекция жұқтыруының алдын алу үшін презерватив қолдану;
2) қан донорлығына, адамның ағзаларын, тіндерін, жыныстық, феталдық және дің жасушаларын алуға қатыспау;
3) баланы емшекпен тамақтандыруды тоқтату;
4) дәрігердің тағайындауы бойынша профилактикалық мақсатта РВТ препараттарды қабылдау.