Ас тұзы-бұл химиялық зат, натрий хлориді деп аталады. Кристалды ас тұзын біз тағамның дәмін жақсарту үшін қоданамыз. Бірақ, шындығына келетін болсақ, ағзаға келетін тұздың көп мөлшері тұз сауыттан емес, қайта өңдеуден өткен дүкен өнімдерінен келеді. Көше және мейрамхана тағамдарының құрамында көп көлемде тұздар шоғыры болуы мүмкін. Ас тұзы тіпті біз күтпеген торттар мен печеньелердің, нан мен таңғы асқа арналған қауыздардың құрамында бар.
Ас тұзы екі компоненттен- натрий және хлоридтен құралатын, ағзамызда өтіп жатқан көптеген процесстер үшін маңызды. Натрий жүйке жүйесінің қызмет атқаруы мен бұлшық еттердің жиырылуы үшін қажет. Хлор асқазан мен ішек сөлінің маңызды бөлігі болып, тағамның қорытылуына көмектеседі. Натрий мен хлор бірге ағзадағы сұйықтық теңгерімінің сақталуына көмектеседі. Бірақ,шамадан тыс тұзды өнімдер жоғары қан қысымы мен артериялық гипертонияның даму қауіпін жоғарылатуы мүмкін.
Артық тұздар
Егер қанда артық мөлшерде натрий болса, онда оны сұйылту үшін ағзада су жинала бастайды. Нәтижесінде сұйықтық мөлшері мен қанның көлемі артады. Бұл жағдайда, қантамырларында қысым артып, жүрекке күшпен жұмыс жасауға тура келеді. Уақыт өте келе, бұл үдеріс қатаң қантамырлары мен гипертония – жоғары қан қысымына, бұл өз кезегінде инсульт пен жүрек жетіспеушілігі секілді күрделі аурулардың дамуына алып келеді.
Қанша ас тұзы қажет
Біздің тамақтануымыз үшін өте аз мөлшерде ас тұзын қолдану керек. Бірақ, көптеген адамдар оның мөлшерін шамадан тыс тұтынады. Күніне бір шай қасықтың шамасында, немесе 6 граммнан көп емес ас тұзын қолдануға тырысыңыз. Бұл мөлшер шамамен күніне 2, 3 грамм натрийға тең деген сөз. Балалар тұзды ересектерге қарағанда аз қажет етеді, сондықтан, балалар тағамына көп тұз қоспаныз. Нәрестелер тұзды өте аз талап етеді, өйткені олардың бүйректері көп мөлшерде тұзды қорыта алмайды. Бала қою тағам жей бастағанда, ол үшін дайындалып жатқан тағама тұз қоспаныз. Сонымен қатар, үлкендерге арнап әзірленген тағамды балаларға беруші болмаңыз, олардың құрамында көп мөлшерде тұз болуы мүмкін.
Азық – түлік өнімдеріндегі тұз
Бірқатар тағамдық өнімдерде тұз көп мөлшерде жиналған, мысалы, макаронға арналған тұздықтарда, чипсыларда, пиццаларда, дайын сорпаларда. Сондықтан, әр компанияда тұз мөлшерін қолдану бойынша бір – бірінен айтарлықтай айырмашылық болуы мүмкін. Өнімдердің кейбір зат таңбаларында тұздың мөлшері көрсетілмейді. Бірқатарында натрийдің мөлшері көрсетілген. Бұл жағдайда, натрийдің салмағын 2,5ке көбейтіп, тұздың мөлшерін анықтауға болады.
Тұздың жоғары мөлшері бар тағамдық өнімдерге жататындар:
Соялық тұздық, сүрсүбе, зәйтүн, ірімшік, салями, сорпалық текшелер. Мына өнімдерді көп қолданбауға тырысыңыз. Қорыта келгенде, тағамыңызға көп тұз қоспауға талпыныңыз. Алғашында оңайға соқпайды, бірақ нәтижесінде өнімнің табиғи дәміне рахаттануды дағдыға айналдыруға болады.
Йод – денсаулық пен ақыл кепілі. Йод тапшылығымен күрестің ең қолайлы әдісі йодталған тұзды қолдану болып табылады. Ең көп йод мөлшері теңіз өнімдерінде: теңіз қырыққабаты, теңіз балығы; көкөністер мен жемістерде: кәдіде, картопта, бұрышта, құлпынайда, кокос жаңғағында, қызанақта, сарымсақта, жержаңғақта бар.
Тағамдағы тұзды қалай азайтамыз
Тағамыңыздағы тұздың мөлшерін азайтуға негізгі кеңестер: