Өндірістік жарақаттану және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша тыңдау

Өндірістік жарақаттану және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша тыңдау

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде өңірдің кәсіпорындарында өндірістік жарақаттану, кәсіптік улану, еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және санитариялық-гигиеналық жағдайлар мәселелеріне арналған тыңдау өтті.

Іс-шараға облыстың денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, емдеу-алдын алу мекемелерінің бас дәрігерлері, өнеркәсіптік және тамақ кәсіпорындарының басшылары, сондай-ақ аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Өйткені, өндірістік жарақаттар мен кәсіптік аурулар өнеркәсіптік кәсіпорындардың алдында тұрған ең күрделі мәселелердің бірі болып қала береді. Еңбек жағдайына байланысты улану мен аурулар да белсенді шешімді қажет ететін маңызды факторлар болып табылады.

Бөлім басшысы Индира Нұғыманова баяндама жасап, облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарында жұмыс істейтіндер арасында санитариялық-гигиеналық еңбек жағдайлары мен мерзімді медициналық қарап-тексеруден өту мәселелерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Отырыста Департамент басшысы Айнагүл Мусина жарақаттанудың негізгі себептерін атап өтті, оның ішінде еңбекті қорғау ережелерін бұзу, қызметкерлердің біліктілігінің жеткіліксіздігі, сондай-ақ жұмыс процесін тиісінше ұйымдастырмау атап өтілді. Сондай - ақ, тағы бір маңызды мәселені-мерзімді медициналық қарап-тексеруден өтуді талқылады.

Кеңес қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, оларға спикерлер тарапынан жауаптар берілді.