Көше тағамдары бүкіл әлемге танымал болды. Асыққан кезде көше тамақтарын тұтыну – қазіргі таңда дилеммаға айналды. Осыған байланысты «көше тағамы» деп аталатын фастфудтар (шаурма, гамбургер, хот-дог және т.б.) күннен-күнге өзекті сұранысқа ие. Бірақ оның салдары мен зияны туралы ойлануға тұрарлық, өйткені уақытты үнемдей отырып, біз көбінесе тағамның сапасына да, денсаулығымызға да үнемдейміз.
«Көшедегі тағамдарды» тұтыну біздің денсаулығымызға зиян тигізуі мүмкін және егерде тамақ дайындауға инфекция жұқтырған қызметкер қатысқан болса ішек инфекциясы, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі сияқты ауруларды тудыруы ықтимал. Сондай-ақ, мұндай жағдайлар сапасыз азық-түлік өнімдері мен шикізатты пайдалану, дұрыс өңдемеу, етті жеткіліксіз қуыру, тұздықтарды ашық ауада сақтау, санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтамау кезінде туындайды. Әсіресе жазда, ыстық күндері, асқазан - ішек жолына сәтті түсетін патогендік бактериялардың көбеюі үшін 2-3 сағат жеткілікті. Сонымен қатар, шаурма, гамбургер, хот - догтар және т.б. дайындау процесінде канцерогенді заттар пайда болады, олар қатерлі ісіктердің, атап айтқанда асқазан мен ішек қатерлі ісігінің пайда болуына қатысады. Мұндай өнімдерді аптасына 2 реттен көп тұтыну кезінде панкреатит, қыжыл, гастрит, тітіркенген ішек синдромы пайда болады. Сондай-ақ, асқазанның, ішектің созылмалы ауруларынан, жүректің ишемиялық ауруынан және семіздіктен зардап шегетін адамдарға көше тамағын тұтынбауға кеңес береміз.
«Көше тағамдардағы» ең қауіпті ингредиент ет болып саналады. Егер Сіз қатты қуырылған ет немесе оның құрамындағы дәмдеуіштердің көптігін байқасаңыз, онда мұндай жағдайлардан аулақ болғаныңыз жөн. Осылайша, көшедегі азық-түлік сатушылары мерзімі өтіп кеткен етті жасыруға тырысады.
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «көше тағамын» сатып алу кезінде аспаздың киім түріне және қолғаптың болуына назар аударуды, сондай-ақ Сізге сатуға тырысатын тағамды алдын ала иіскеуді ұсынады. Егер Сіз осындай тағамды жеуге шешім қабылдасаңыз, оған ұнтақталған бұрыш қосыңыз, әрине, егер сізде асқазан проблемасы болмаса, ашшы бұрыш инфекцияның пайда болу қаупін азайтуы мүмкін.
Жеке гигиена ережелері туралы ұмытпаңыз, біздің қолдарымыз — аурудың негізгі тасымалдаушысы, тамақтанар алдында және дәретханаға барғаннан кейін міндетті түрде қолыңызды сабынмен жуыңыз.
Денсаулықты сақтау үшін көше тамағын мүлдем, кем дегенде күзге, ауа райы салқындағанға дейін бас тартыңыз.