Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі!

Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі!
Ағзаның негізгі өмірлік функциялары мен еңбекке қабілеттілігі біз не жейтінімізге, қалай, қашан және қанша мөлшерге байланысты. Тамақ құрамында адамға қажетті барлық элементтер: ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералдар, дәрумендер бар. Олардың барлығы бірдей маңызды. Сондықтан әр түрлі тамақ қана адамның денсаулығын қалыптастыруға өте жақсы әсер етеді, керісінше тек бір түрлілік тамақ денсаулықтың функционалдық бұзылуларға әкеледі.
Рационалды тамақтану-бұл дені сау адамдардың жынысын, жасын, жұмыс сипатын және басқа факторларды ескере отырып, физиологиялық тұрғыдан дұрыс тамақтану. Рационалды тамақтану денсаулықты сақтауға, қоршаған ортаның зиянды факторларына төзімділікке, жоғары физикалық және ақыл-оймен жұмыс жасау қабілеттілігі, сондай-ақ белсенді ұзақ өмір сүруге ықпал етеді.
Рационалды тамақтануға қойылатын талаптар рационға, тамақтану режиміне және тамақтану жағдайларына қойылатын талаптардан тұрады:
- дұрыс тамақтанудың энергетикалық құндылығы ағзаның энергетикалық шығындарын толтыру керек;
- тамақтың тиісті химиялық құрамы -өзара теңдестірілген қоректік заттардың оңтайлы мөлшері болуы керек;
- тамақтың құрамы мен әзірлеу әдісіне байланысты ағзаға жақсы сіңімділілік болуы керек;
- рационда жоғары органолептикалық қасиеттер (сыртқы түрі, консистенциясы, дәмі, иісі, түсі, тамақтың температурасы) болуы керек. Бұл қасиеттер тәбетке және тамақтың толық сіңімділігіне әсер етеді;
- тамақтың алуан түрлілігі өнімдердің кең ассортиментіне және оларды аспаздық өңдеуде түрлі тамақ жасауға байланысты сақталуы керек;
- тамақты тұтынған кезде оның түрін, қалай дайындалғандығын (құрамы, көлемі, тағамды аспаздық өңдеу) ескеру қажет;
- өнімдер санитариялық-эпидемиялық мінсіз және зиянсыз болуы керек;
- тамақтану режимі бөлшек болуы керек (күніне кемінде 4-5 рет), тамақты бір уақытта қабылдау керек, тамақтану арасындағы аралықтардың ұзақтығы 4 сағаттан аспауы керек, кешкі ас - ұйқыдан кемінде 2-3 сағат бұрын.
Есіңізде болсын! Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда.