«Туберкулез» деген қандай ауру

«Туберкулез» деген қандай ауру
Туберкулез - кең таралған бактериялық этиологиясы бар инфекциялық ауру.
Туберкулездің қоздырғышы туберкулез микобактериясы болып табылады. Бұл микроорганизм сыртқы ортада, шикі, нашар желдетілетін үй-жайларда өте төзімді, ол бірнеше жылдар бойы өмір сүруге қабілетті болуы мүмкін. Туберкулез инфекциясы адамның кез келген ағзасын зақымдауы мүмкін, бірақ көбіне тыныс алу ағзалары зақымдалады. Ауру біртіндеп дамиды, сиптомдары аз болады.
Қандай симптомдары бар?
Туберкулездің симптомы: тұрақты жоғары температура (38 С-тан жоғары емес), бас ауруы, салмақты жоғалту, тәбеттің болмауы, жөтел (кейде құрғақ, кейде қақырықпен, қақырықта қан болады), ентігу, түнгі тершеңдік. Көңіл-күйдің өзгеруі, тітіркену, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі пайда болады. 1-2 симптом ғана пайда болуы мүмкін, бұл ретте жөтелдің болуы міндетті емес.
Бұл симптомдар анықталған жағдайда туберкулезге қарсы диспансерге баруға болмайды, әрбір аумақтық емханада туберкулезге тексеру үшін жағдай жасалған. Өзіңіздің терапевт дәрігеріңіз симптомдар болған жағдайда тексерудің барлық көлемін жүргізуге міндетті. Туберкулез ерте анықталса, ол тезірек емделеді.
Туберкулезді қалай жұқтырап алуға болады?
Көбіне ауру туберкулезбен ауыратын науқастан тыныс алу жолдары арқылы сөйлескен кезде, жөтелгенде немесе, егер науқас санитариялық-гигиеналық режимді сақтамай, үй-жайдың еденіне қақырығын түкіріп жүрсе, қоздырғыш шаң бөлшектерімен де жұғады.
Туберкулезбен кім ауыруы мүмкін?
Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адаммен байланыста болған адам туберкулезбен ауыруы мүмкін. Байланыс тығыз болған сайын соғұрлым сырқаттану қаупі жоғары. Әдетте туберкулездің дамуына организмнің қорғаныс күштерінің төмендеуі ықпал етеді: ауыр науқастанғандар, дұрыс тамақтанбау, стресстік жағдайлар, АИТВ-инфекциясы, алкоголь және есірткілер. Әсіресе мектеп жасына дейінгі балалар туберкулезбен ауыруға бейім.
Туберкулезбен сырқаттанудың қалай алдын алуға болады?
Дұрыс тамақтану, салауатты өмір салты - бұл аурудың алдын алуда маңызды. Алайда ересек тұрғындар арасында инфекция кең таралған жағдайда бұл жеткіліксіз. Сондықтан барлық балалар перзентханада.
Туберкулездің алдын алу үшін жасөспірімдерді 15 жастан бастап және ересек тұрғындарды жаппай флюорографиялық тексеру үлкен маңызға ие. Жыл сайынғы тексеру туберкулезді дер кезінде анықтап, аурудың ерте кезеңдерінде емдеуді уақтылы бастауға көмектеседі.