Газдалған су несімен қауіпті?

Газдалған су несімен қауіпті?
Тәтті газдалған су құрамындағы қант пен қышқыл тіс эмалін бұзады. Кариес нервтерге, тамырларға және тістің түбіне жеткенде, тіс бұзылады.
Тәтті газдалған су құрамында фосфор қышқылының тұздары бар. Тәтті газдалған сусындарды жиі қолданғанда, диетадағы фосфордың артық мөлшері басқа маңызды минералды заттардың – сүйек тығыздығына жауап беретін кальцийдің сіңуіне теріс әсер етеді, бұл сүйектердің сынғыштығының жоғарылауына және өздігінен сыну мен жарақат алу қаупін арттыруы мүмкін.
Тәтті газдалған сусындарды үнемі тұтыну қанттың жоғары болуына байланысты семіздік пен қант диабетінің дамуының негізгі себептерінің бірі болып табылады.
Тәтті газдалған суға құмар адамдар қанттың артық мөлшерін организміне қабылдайтынын байқамайды. Қант диабетінен басқа, семіздік, жүрек ауруы, қатерлі ісік және басқа аурулардың негізгі қауіп факторы болып табылады.