Ас тұзы 40% натрийден және 60% хлордан тұрады. Екі минерал да біздің ағзамыздағы сұйықтықты реттеуге жауап береді. Сонымен қатар, хлор асқазан сөлінің бөлігі болып табылады, ал натрий бұлшықет пен жүйке жүйесін сақтау үшін қажет. Бірақ ас тұзының пайдалы қасиеттеріне қарамастан, егер ол шамадан тыс тұтынылса, денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін.
Егер Сіз тұтынып жатқан асыңызға қосымша тұз қосып жатсаңыз тұзды шамадан тыс тұтыну мәселесі сізге қатысты емес деп ойлайсыз? Онда сіз қателесіз. Натрий хлориді барлық дерлік тағамдарда кездеседі. Ал енді сіз күніне қанша шұжық немесе ірімшік қосылған сэндвичтерін тұтынатындығыңызды және майонезді, кетчупты, консервілерді қаншалықты жиі қолданатыныңызды, тағамға тұзды дәмдеуіштерді пайдаланатыңызды есіңізге түсіріңіз. Егер бұл тағамдар сіздің рационыңызға кірсе, онда қауіпті аймақтасыз, сондықтан сіз ағзаның берген белгілеріне, ағзадағы артық тұздың болуына мұқият болып, түсіне білуіңіз керек.
Тұзды көп мөлшерде тұтынатын адамдар көп жағдайда маңдай аймағындағы бас тамырларының қатты соғу ауруларына шағымданады.
Тұзды көп мөшерінде пайдалану қан қысымының жоғарылауына әкеледі, дәмдеуіштің құрамына кіретін натрий ағзадағы артық сұйықтықты сақтайды, бұл жүрекке жүктемені арттырады. Егер сізде ешқандай себепсіз қысым көтерілсе, онда бұл рациондағы шамадан тыс тұз себеп болуы мүмкін.
Егер сіз тұзды тағамды көп тұтынсаңыз, бұл ауыз қуысының шырышты қабығының кебуіне әкеледі. Егер құрғақтық кетпесе, уақыт өте келе бұл дәм бүршіктерінің жұмысына теріс әсер етуі мүмкін.
Ағзадағы артық тұз тіндерде тым көп сұйықтықтың жиналуына әкеледі. Нәтижесінде ісіну пайда болады. Көп жағдайда бұл белгілер бүйрек, жүрек немесе бауыр жеткіліксіздігі ауыр аурулардың болуын көрсетуі мүмкін.
Тұзды тұтыну кезінде қауіпсіз деңгейін төмендету үшін рационға құрамында тұзы аз тағамды қосу керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Кез – келген тұз (тіпті теңіз, тас және қызғылт) - бұл ТҰЗ! Тұзды көп тұтынған жағдайға ол ағзаға кері әсер етеді.
«Тұзы аз, бірақ йодталған тұз!»- тағам дайындау кезінде йодпен байытылған тұзды пайдалану еліміздің барлық тұрғындарына йод тапшылығының алдын алуға ықпал етеді.