Түсік тастаудан кейінгі асқынулардың қаупі жүктілік ұзақтығына (қаншалықта мерзім ұзақ болса, соғұрлым асқыну ықтималдығы жоғары болады), босану санына, түсік және жатыр қуысының қырып тазартуына, қатар жүретін патологияның басталуына (гинекологиялық) және экстрагенитальды аурулар) және әйелдің жасынабайланысты. Сондай-ақ бұл жатыр қуысына араласудың түріне байланысты.
Түсік тастаудан кейінгі асқынулар 3 топқа бөлінеді:
Ерте – түсік тастау кезінде немесе одан кейінгі алғашқы 7 күнде.
Кеш- жүктілік тоқтатылғаннан кейін бір ай ішінде.
Алыс- бірнеше айлар мен жылдардан кейін.
Түсік тастаудан кейін пайда болатын ең ауыр аурулар - бұл Перитонит–іш пердесінің қабынуы, әсіресе әлсіреген адамдарда өлімге әкелуі мүмкін. Перитонит екінші мәрте бедеулікке әкеледі. Сепсис – жалпы қан инфекциясы. Көбінесе өлімге әкелетін өте ауыр ауру. Түсік тастаудан кейінгі синдром - бұл физикалық және эмоционалдық жарақатқа эмоционалдық реакциялардан туындаған күйзелісті бұзылыс. Әйелдерде депрессия, ашу, кінә, қорқыныш, өзін-өзі төмен санау, жыныстық дисфункция, алкоголь мен есірткіге тәуелділік дамуы мүмкін.
Белгілері: жалпы денсаулығының нашарлауы, дене қызуының жоғарылауы, іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезімі, жыныс жолдарынан қанды-іріңді бөліністер, жатырдың ұлғаюы, пальпация кезінде ауырсыну.
Әйелдерге арналған ескерту:
1. Керексіз жүктіліктен қорғауну;
2. Түсік тастаудан кейінгі гигиена;
3. Қабыну белгілері пайда болса, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну.