Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің қызметі

Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің қызметі

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің қызметі әдеп нормаларын ілгерілетуге, қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға, мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруға, оның қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Әдеп жөніндегі уәкіл Сәуле Сәдуақасова өз өкілеттігі шегінде ведомствоның мемлекеттік қызметшілеріне жеке консультациялық көмек көрсетеді, азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, негізінен мемлекеттік қызметке өтуге, лауазымдық міндеттерін өзгертуге қатысты мәселелерді қарастырады.

Шынында да, Әдеп жөніндегі уәкілдің консультациялары мен жеке қабылдаулары проблемалық жағдайларды реттеуге, әріптестермен өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесуге мүмкіндік береді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуына, сондай-ақ моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында Департамент және аумақтық басқармалар ұжымында ағымдағы жылы мемлекеттік қызметшілерге сауалнама парағы нысаны бойынша анонимді сауал-сұрақ жүргізілді. Сауалнама нәтижелері ұжымдарда тұрақты қолайлы моральдық-психологиялық ахуал орнағанын көрсетті.

Сәуле Сәдуақасова атап өткендей, этикалық бақылау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін үнемі жетілдіру мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға және мемлекеттік органның кәсібиленуіне оң әсерін тигізетіні сөзсіз.