Санитариалық қызмет мәлімдейді

Санитариалық қызмет мәлімдейді
Ақмола облысының санитариялық қызметі Бурабай ауданының «Самұрық» балалар лагерінде анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша келесіні мәлімдейді:«Бұл бұзушылықтар Ақмола облысының прокуратурасымен бірлесіп жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында анықталды. Қазіргі уақытта осы лагерьдің қызметін қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес тоқтату туралы мәселе шешілуде. Сондай-ақ,«Самұрықта» демалуға рұқсат етілгеннен екі есе көп балалар қабылданғаны анықталды, жас демалушылар қабылдауға қарастырылмаған корпустарға орналастырылды».