Дәремендер - бұл адамның қалыпты өмір сүруіне қажетті органикалық заттар. Біздің ағзамыз осы дәрумендерді өздігінен шығарады немесе сырттан сіңіреді. Мысалы, D дәрумені күн сәулесінің әсерінен ағзаға өздігінен синтез жасайды, ал олардың тағамдық көздері: майлы балық, балық уылдырығы, жұмыртқаның сарысы және сүт өнімдерінен сіңіреді.
D дәруменінің негізгі рөлі - ағзаға сүйектен кальций мен фосфорды сіңіруге көмектесу. Нәресте кезінде D дәрумені сүйектердің дамуының бұзылуымен және олардың жұмсаруымен байланысты рахит ауруының дамуына жол бермейді. Жасөспірімдер мен ересектерді кариестің, остеопороздың дамуынан қорғайды және сүйектің сынуының жазылуын тездетеді.
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті БАД құрамындағы Д дәруменінің тәуліктік тұтыну мөлшері 10 мкг (400 ХБ) (тұтынудың барабар деңгейі) және 15 мкг (600 ХБ) (тұтынудың жоғарғы рұқсат етілген деңгейі) құрайтынын еске салады, осыған байланысты Сізден мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі бар препараттарды ғана тұтынуыңызды сұраймыз.
D дәруменнің нормадан артық дозасын тұтыну гипервитаминозға әкелуі мүмкін, бұл тәбеттің төмендеуімен, мазасыздықпен, бұлшықет әлсіздігімен, ұйқының бұзылуымен, құсу және жүрек айнуымен бірге жүреді.