Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауаптылық

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауаптылық
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза, әкімшілік жауаптылық пен жаза Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде көзделеді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, алдын алуды және оларды жасауға кінәлі адамдарды өз құзыреті шегінде жауапкершілікке тартуды прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция органдары жүзеге асырады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі анықталған жағдайда азаматтар мемлекетке 1424 call-орталығына тегін қоңырау шалу арқылы хабарлай алады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдем көрсететін адам мемлекеттің қорғауында болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдем көрсететін тұлға туралы ақпарат мемлекеттік болып табылады. Бұл ақпаратты жария ету «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдем көрсететін адамдардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға хабарлаған мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органының қызметкері басқа мемлекеттік қызметшіге, құқық қорғау органының қызметкеріне қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органның ұсынуы бойынша лауазымынан босатылғанға немесе тиісті функцияларды орындаудан өзге де босатылғанға дейін тәртіптік тәртіппен жазаланады.