
Көбінесе бата өлеңмен беріледі. Батаны жасы үлкен, сөзге шешен, сыйлы адамдар береді. Бата нәресте дүниеге келгенде, оған есім таңдалғанда, бала тәй-тәй жүріп тұсауын кескенде, баланы ашамай ерге отырғызғанда, бала мектепке барғанда, жастар отау құрғанда, құдалықта, келін түскен кезде
беташарда, қонағасы кезінде, егін жиналып біткенде, той-томалақтарда, халық мерекелерінде, ас беру (еске алу) кезінде беріледі.
Мерекелік шараның сыйлы қонақтары, санитариялық қызметтің ардагерлері Қанафия Далабай Сейілұлы, Джусупов Қайролла Имашұлы батаның мағынасын айтып, Наурыз мерекесіне орай ақ батасын берді!