16 наурыз күні сағат 18.00-де Ақмола облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айнагүл Мусинамен өткізілген тікелей эфиріне қосымша оқырмандарымызға қызылша ауруы, оның таралуының кейбір факторлары және оның алдын алу туралы көрнекі ақпараттық-түсіндіру материалдарын ұсынамыз. Баршаңызға зор денсаулық тілейміз, өзіңіздің және балаларыңыздың денсаулығын қорғаңыз.
Есіңізде болсын! Көптеген басқа жұқпалы ауруларға сияқты қызылшаға қарсы күрестің ең қолжетімді және тиімді әдісі вакцинация болып табылады.
Екпе жүргізілгеннен кейін баланың табиғи ауруға шалдыққанына қарағанда біршама әлсіз иммунитет қалыптасады, бірақ бұл баланы өмір бойы осы аурудан сенімді түрде қорғау үшін жеткілікті.
Қазақстан Республикасында қызылшаның алдын алу үшін ҚҚП (қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы) вакцинасы қолданылады.Қызылшаға қарсы екпе әлемде 50 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. Екпе қауіпсіз, тиімді және оны жүргізгеннен кейін ауыр асқынулардың қаупі нөлге тең. Жаппай вакцинация қызылшаны өлімге әкелетін аурудан қарапайым балалар инфекциясына айналдырды.