Ротовирустық инфекция қауіпті вирус па және ол туралы не білу керек қалай алдын-алу керек?

Ротовирустық инфекция қауіпті вирус па және ол туралы не білу керек  қалай алдын-алу керек?
Ротовирустық инфекцияне екенін көбі біле бермейді, алайда ол жіті респираторлы вирустық инфекциядан (ЖРВИ) кейін екінші орында тұр. Біздің аумақта бұл ауру таралған және ішек ауруларының жартысын құрайды; асқорыту бөлігін бұзады, ағзаның ұшынуы мен әлсіреуіне әкеледі. Осы инфекция түрімен ауыратындар саны жоғары, бірақ негізіненжиі 1 жасқа дейінгі балалар, 6 жасқа дейін балаларда сирек, ал ересектерде ауру оқшауланған жағдайларда кездеседі. Жыл сайын әлемде бұл ауру түрінен 3 миллионға баланың өліміне әкеледі. Ауыру жыл ағымында тіркеледі, алайда науқастардың 70%-дан астамы қыс-көктем мезгілдерінде анықталады.
Басқа қоршаған ортада ылғалдылық пен температураға байланысты 10-15 күннен 1 айға дейін ротовирусы тұрақты болып, ал аурулардың кәрізінде 7 айға дейін өзінің тіршілігінжалғастырады. Көбіне ротовирустар өзенде, көлде, теңізде, балық консервілерінде, теңіз тағамдарында анықталады. Ауру тамақ, су арқылы, науқас адаммен немесе ротавирустық инфекцияны тасымалдаушымен қарым-қатынаста болған кезде беріледі. Инфекция таралған су аймағында жеміс, көкөніс тағамдары және басқа тағам түрінен жұғу мүмкін.
Инфекция ошағы науқас немесе вирус таратушы болып табылады.
Вирустың сау ағзаға енуінен шағым түскенге дейін орта есеппен 15 сағаттан 7 күнге дейін, көбінесе 1-2 күнді құрайды.
Ауру түрі жіті, жарты жағдайларда құсу,іш өтулер белгілері құрайды. Айта кетсек, аталып өткен шағымдар бойынша жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен де (ринит, ринофарингит, фарингит, бронхит ж/е т.б.) сипатталады.
Негізгі аурудын алдын алу шаралары төмендегідей:
- қолдың тазалығын мұқият сақтау, тағам дайындау және дәретханаға барғаннан кейін сабынмен жуу;
- ішуге тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану, ал шикі суды ішпеу;
- жеміс-көкеністерді қайнатылған сумен жуып пайдалану;
- сапасы мен қауіпсіздігін анықтамайтын құжаттары жоқ заңсыз сауда жасайтын орындарда тағамдарды сатып алмау;
- тағамдардың жасалу мерзіміне зейін қою;
- тағамды бөлетін ас үй үстелінің және ыдыс-аяқтардың тазалығын сақтау;
- балық пен етті, нан мен көкөністерді бөлуге арналған бөлек пышақтар мен кесу тақталарының болуы;
- тез бүлінетін тағамдарды суық жерде сақтау;
- термикалық тазалаудан өтпейтін тағам өнімдерін бүлінбеуінен сақтау;
Осы қарапайым ережелерді ұстана отырып, сіз ең қымбатты- балаларыңызды аурудан сақтайсыз!