Нан адамның тамақтануында үлкен маңызға ие. Оның жағымсыз қасиеттері онымен бірге тұтынылатын тағамның дәмі мен сіңуіне теріс әсер етеді, сондықтан нан пісіру мен сапасына зертханалық бақылау ерекше маңызды рөл атқарады.
Тұрақты түрде Қорғалжын аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері шаруа қожалықтарымен, жеке кәсіпкерлермен шығарылатын азық-түлік өнімдерінің санитариялық талаптарға сәйкестігі және өнімді гигиеналық тұрғыдан сипаттайтын МЕОС, ҚРСТ көрсеткіштері туралы кездесулер өткізеді.
Сондай-ақ, өткен 2022 жылдың 12 ай ішінде ҚР ДСМ СЭБК«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалының Қорғалжын аудандық бөлімшесінің мамандары нан-тоқаш өнімдерінің 6 сынамасына санитариялық-химиялық және микробиологиялық зерттеулерге зертханалық зерттеулер жүргізді, жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша сәйкес келмейтін сынамалар анықталған жоқ.
Тасымалдау, сақтау және жіберу кезінде нанның қолмен, ыдыспен, арнайы киіммен, шыбындармен және кеміргіштермен ластануы мүмкін. Нанның патогендік микробтармен немесе гельминт жұмыртқаларымен ластануы тұтынушылардың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан нанды наубайханадан тұтынушыға дейінгі жолда ластанудан мұқият қорғау қажет.
Органолептикалық қасиеттерді (сыртқы түрі, үгінділердің күйі, дәмі, иісі) анықтау ерекше назар аудару керек, өйткені көптеген жағдайларда олар өнімдерді гигиеналық бағалауда өте маңызды мәнге ие болада.
Нан мен нан-тоқаш өнімдерін гигиеналық бағалау оның ылғалдылығымен, кеуектілігімен және қышқылдығымен анықталады. Нанның жоғары ылғалдылығы оның тағамдық құндылығын, дәмін төмендетеді, сонымен қатар ас қорыту процесін қиындатады. Кеуектілік-нан сапасының маңызды көрсеткіші. Кеуекті, борпылдақ нан тығыз заттың ас қорыту шырынымен байланысын арттырады және ас қорыту процесін жеңілдетеді, сіңімділігін арттырады. Нанның қышқылдығы негізінен қамырды ашыту кезінде пайда болатын сүт және сірке қышқылдарына байланысты. Нанның төмен қышқылдығы оған жағымды дәм береді және жақсы сіңіруге ықпал етеді. Жоғары қышқылдығы бар нан асқазан-ішек жолындағы ашыту процестерін арттыруы мүмкін. Сонымен қатар, қышқыл нан көгерудің дамуы үшін жақсы орта болып табылады.
Нан мезі қылмайды, жақсы қанықтылықты тудырады, жоғары қоректік құндылыққа ие. Әдетте, адам нанды тұтыну кезінде30-40% энергетикалық материалға,70-80% фосфорға, 60-80% темірге , 15-20% кальцийге, 70-80% В1 және РР витаминдеріне, 30-40% ақуыздарға деген қажеттілік етпейді.