Сальмонеллез – симптомсыз тасымалдаудан, ауыр септикалық формаларға дейінгі әртүрлі клиникалық көріністермен сипатталатын, адам ағзасына жануарлардан алынатын өнімдермен бірге түсетін Salmonella тектес бактериялардан туындаған жіті жұқпалы ауру. Сальмонеллезді жұқтыру жолдары алуан түрлі. Ең көп тарағаны ол тағам арқылы: көбінесе жануарлар мен құстардың етін, немесе жұмыртқаны пайдаланған кезде жұқтыру болып келеді. Микробтар азық-түлікке жеткіліксіз өңдеумен (жартылай шикі бифштекстер, шикі және жұмсақ пісірілген жұмыртқалар, глазурь жұмыртқалары), дұрыс сақталмауымен және жеке гигиенаның негізгі ережелерін сақтамаған кезде енеді.
Инфекцияның көзі жануарлар да болуы мүмкін, көбінесе үй жануарлары (ірі қара мал, шошқа, мысық, ит), құстар, сальмонеллезбен ауыратын адамдар немесе инфекцияның сау тасымалдаушылары (адам басқаларға инфекция көзі болған кезде, бірақ өзі ауырмайды). Сальмонеллезді ластанған су арқылы - оны ішу немесе шомылу кезінде жұқтыраға болады. Өзіңізді және отбасыңызды сальмонелла бактерияларын жұқтырудан қорғау үшін жануарлардан алынатын өнімдерді тұтынудан толығымен бас тартпаңыз. Тек гигиена ережелерін сақтау және тағамды дұрыс дайындау қажет. Сальмонеллезді жұқтырмаудың және оның таралуын болдырмаудың көптеген жолдары бар.
Келесі ережелерді сақтау маңызды:
- тамақ дайындамас бұрын және тамақтанар алдында, далада серуендеп, дәретханаға барғаннан кейін қолыңызды жуыңыз. Балалардың қолын үнемі жууға үйретіңіз;
- жуынатын бөлмені және дәретхананы құрамында хлор бар өнімдермен үнемі дезинфекциялаңыз. Кез келген жаңа құралды қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз және құралды бетінің көрінбейтін жерінде сынап көріңіз;
- ветеринарлық бақылаудан өтпеген ет өнімдерін, құс немесе жұмыртқаны сатып алмаңыз;
- шикі ет пен құс етіне арналған бөлек кесу тақтасы мен пышақтарды қолданыңыз. Кесу тақталарын үнемі өңдеу және дезинфекциялау өте маңызды;
- шикі жұмыртқаны тұтынбаңыз;
- дайын ет өнімдерін үстелдің үстінде бөлме температурасында екі сағаттан артық қалдырмаңыз;
- тоңазытқышта 24 сағаттан астам сақталған дайын тағамдарды үнемі қайта термиялық өңдеуден өткізіңіз;
- пастерленбеген жаңа сүтті мүндетті түрде қайнатыңыз;
- егер отбасыда кішкентай балалар болса, бактерияға қарсы құралдарды қолдана отырып, барлық беттерді, соның ішінде едендерді дезинфекциялаңыз;
- тамақты бір реттік тұтыну үшін жеткілікті мөлшерде дайындаңыз;
- тоңазытқышта шикі ет пен құс еті дайын өнімдерге жақын жерде сақталмайтынына көз жеткізіңіз;
- сальмонеллездің алдын алудың негізгі шарттары - тамақ дайындау технологиясын сақтау және жануарлардан алынатын өнімдерді жеткілікті термиялық өңдеу.
Ешқандай жағдайда:
- шикі және пісірілген тағамды бірге сақтауға;
- шикі жұмыртқаны тұтынуға;
- алдын ала жуылмаған шикі жемістер мен көкөністерді тұтынуға болмайды.