1. Сұрақ: Қазіргі кезде шағын және микрокәсіпкерлікті тексеруге мораторий енгізілгенін бәріміз білеміз. Сонда азық-түлік сапасы қалай тексеріледі?
Жауап: Департамент өнімді (тауарларды) өткізу сатысында оның сынамаларын алу жолымен өнімнің қауіпсіздігіне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Өнім қауіпсіздігінің мониторингі-халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді әкелуді, өндіруді, қолдануды және өткізуді анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған іс-шаралар жүйесі.
2. Сұрақ: Мен базардан көлікпен әкелінетін сыйымдылықтан шикі сүтті сатып аламын, оның қауіпсіз екеніне қалай сенімді бола аламын?
Жауап: «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР 033/2013) сәйкес ауыл шаруашылығы нарықтарында шикі сүтті арнайы көлік құралдарының сыйымдылықтарынан, басқа ыдыстардан, тұтынушылардың ыдыстарына өткізу кезінде сатушылар тұтынушыларға мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу туралы тиісті құжаттарды ұсынуға, тұтынушыларға шикі сүтті міндетті түрде қайнату қажеттілігі туралы ақпаратты жеткізуге міндетті.
3. Сұрақ: Сүт сатып алған кезде, қаптамада құрамында сүт бар өнім жазылғанына назар аудардым, бұл нені білдіреді?
Жауап: Құрамында сүт бар өнім-сүттен және (немесе) оның құрамдас бөліктерінен және (немесе) сүт өнімдерінен және (немесе) сүтті және сүтті емес компоненттерді қайта өңдеудің жанама өнімдерінен өндірілген тамақ өнімі, май фазасының 50%-нан аспайтын мөлшердегі сүт майын тек қана сүт майын алмастырғышпен алмастыру мүмкіндігін көздейтін технология бойынша және дайын өнімнің құрғақ заттарындағы сүттің құрғақ заттарының массалық үлесі кемінде 20% құрайтын сүт протеинін алмастыру мақсатында емес, сүттен алынбаған ақуызды пайдалануға мүмкіндік береді.
4. Сұрақ: Ерте жастағы балалар тағамын сатып алмас бұрын, ұсыныстармен танысып алайын десем, қаптамадағы әріптердің тым ұсақ, түсініксіз болғандықтан ұсыныстарды оқып ала мүмкін емес, бұған жол беріле ме?
Жауап: Жоқ. «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімі» Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес (КО ТР 022/2011) таңбалаудың нақты мәтіні болуы, көрнекі және түрлі-түсті ресімделуі тиіс. Өнімнің тұтынушылық қаптамасында таңбалауда қажетті ақпараттың барлық көлемін орналастыру мүмкін болмаған кезде ақпараттың бір бөлігі қосымша параққа (өнімнің атауын, майдың массалық үлесінің, өнімнің нетто массасының немесе көлемінің мәндерін, оны дайындау күні мен жарамдылық мерзімін, дайындаушының атауын қоспағанда) араластырылуға тиіс, ал мұндай өнімнің тұтынушылық қаптамасында «Қосымша ақпарат – қосымша парақшадан қараңыз» деген жазу болуы керек.
5. Сұрақ: Мен дүкеннен ойыншықты сатып алдым, бала ойыншықты аузына алған кезде, тіл көк түске боялған. Бұл ойыншықпен ойнауға бола ма және қауіпсіз бе?
Жауап: Жоқ, «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес (КО ТР 008/2011) ойыншықтардың қорғаныш-сәндік жабыны ылғалды өңдеуге, сілекей мен тердің әсеріне тұрақты болуы тиіс.
Нарықта айналымға шығарар алдында ойыншықтар Кеден одағының осы Техникалық регламентінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растаудан өтуі тиіс.
Ойыншықтардың сәйкестігін растау сертификаттау түрінде жүзеге асырылады.