Жеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ) қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға, сондай-ақ ластанудан қорғауға арналған.
ЖҚҚ қолдану ережелері өндірістің зиянды және қауіпті жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін жеке қорғаныс құралдарының міндетті екендігін көздейді. Қызметкерлерге ЖҚҚ құралдарын беру-жұмыс берушінің міндеті. ЖҚҚ қамтамасыз ету еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы басшылық құжаттармен регламенттелген.
Өндірістік факторлардан жеке қорғану арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, қорғаныш көзілдіріктермен, қорғаныш дулығалармен, шуға қарсы төсемдермен (құлақ тығындарымен), қолғаптармен, биіктіктен құлаудан қорғау құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын жеке қорғаныс құралдарына қойылатын талаптар Кеден одағының техникалық регламентінде белгіленген («Жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздігі туралы» КО ТР 019/2011).
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнім қауіпсіздігіне ай сайынғы мониторинг жүргізу кезінде ЖҚҚ 6 сынамасын алып, кейіннен КО ТР 019/2011 талаптарына сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізді. 2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша сәйкес келмейтін сынамалар анықталған жоқ.
Қызметкерді сенімді қорғауға ұтымды таңдау және нақты жағдайларда тиісті жеке қорғаныс құралдарын дұрыс қолдану шартымен қол жеткізуге болады. Жеке қорғаныс құралдарының болмауы немесе дұрыс қолданылмауы өндірістік жарақаттануға, жазатайым оқиғаларға себеп болуы мүмкін.
Өз денсаулығыңызды сақтаңыз!