Сіреспе бактериясы адамның ағзасына терінің тілінуі немесе жара арқылы енеді, бірақ шеге не жүздің терең жарақатынан аса жоғары қауіп төнеді. Сіреспенің бактериясы барлық жерде кездеседі: оларды көбінесе жерде, шаңда және қида табады. Сіреспенің таяқшасы кәдімгі зарасыздандыру заттарынан жойыла қоймайды, олар қайнатудан кейін де тірі болып қалады.
Сіреспенің бірінші өршігу симптомы өзін 5 тәуліктен кейін көрсетуі мүмкін. Жұқпаның инкубациондық кезені бір аптадан бір айды құрайды. Сіреспенің бастапқы кезеңінде ең алғашқы белгі жұқпаның кіру аумағында, кейбір жағдайда толықтай жазылып кеткен жараның созылмалы ауырсынуы байқалады. Сіреспе өршігуінің ең басты симаттамаларының бірі – бір уақытта бет бұлшық еттерінің тырысуы пайда болуы. Басында адам үнемі күлімсіреп тұрғандай болып көрінеді, алайда көрінген күлімсіреуге тырысу себепші болады. Егер өршігудің осы кезеңінде дәрігер көмегіне жүгінбеген кезде, келесі кезең – барлық қол - аяқтан басқа дене бұлшық еттерінің тырысуы басталады. Тырысу диафрагма бұлшық еттеріне тараған кезде адам жеңіл демала алмайды. Сондан кейін, мойын бұлшық еттері тартылып баспа кезіндегідей тамақ ауыра бастайды, сол себепті көп адамдар баспаны емдей бастайды. Тұншығудан өліп кетпес үшін, бет бұлшық еттерінің бірінші тырысуы пайда болған кезде дәрігерге қаралу керек, ол сіреспеге қарсы сары су егіп береді. Сіреспе негізінен ауыр түрінде жүреді және жоғары өлімге әкеледі.
Белсенді иммундау немесе вакцинация сіреспеге қарсы ең жақсы құрал болып табылады. Егу баланың екі айлық өмірінен бастап үш рет, белгілі бір уақыт аралығында көкжөтел, дифтерия және сіреспеге қарсы кешенді препарат (АбКДС-вакцина) енгізіледі. Егер балаға АбКДС-вакцинасы уақытында егілмесе, оны арнайы схема бойынша үш жасқа дейін енгізген жөн. 6 жасында дифтерия мен сіреспеге қарсы АбКДС-вакцинасымен қосымша егу жүргізіледі және 16 жасында және әр 10 жыл сайын АДСМ-вакцинасымен кейінгі ревакцинация жасалады.
Кез келген жарақат және тері мен шырышты қабығының бүтіндігі бұзылған жарақат, II-IV дәрежедегі үсу және күйу, жануарлардың тістеу, ішекке кіретін зақымдар, ауруханадан тыс түсіктер, медициналық мекемелерден тыс босану, гангрена және терінің некрозы болатын болса шұғыл түрде сіреспенің алдын алу сақтандыу сызбасы бойынша іс-әрекетті жүзеге асырады.
Сіреспенің шұғыл алдын алу жараны бастапқы емдеуді және сіреспеге қарсы сарысу мен АДС-М бір мезгілде енгізуден тұратын бір мезгілде арнайы иммунопрофилактиканы қамтиды. Сіреспенің шұғыл иммунопрофилактикасын тез арада және сіреспе ауруы кезінде инкубациялық кезеңнің ұзақтығын ескере отырып, жарақатты алған кезден бастап 20 дүніне дейін жүргізу қажет.