Атмосфералық ауа - қоршаған ортаның өмірлік маңызды құрамдас бөлігі, ол тұрғын үй, өндірістік және басқа үй-жайлардан тыс атмосфераның жер үсті қабатындағы газдардың табиғи қоспасы болып табылады.
Ақмола облысы республиканың өңірлері арасында 7-орында, онда атмосфераға шекті жол берілетін шығарындылардың аса жоғары деңгейі бар.
Облыстың санитариялық қызметі тұрақты негізде атмосфералық ауаның сапасын бақылауды жүзеге асырады. Облыс аумағында атмосфералық ауаға ұйымдастырылған шығарындыларымен 54 объект бар.
Тұрғындардың коммуналдық және өнеркәсіптік объектілермен, оның ішінде қатты отын қолданылатын қоғамдық моншалармен атмосфералық ауаның ластануына шағымдарының көбеюмен елді мекендер шегінде қосымша бақылау нүктелердің саны көбейді.
Зертханалық зерттеулер өндірістік зертханалар өндірістік бақылау шеңберінде, ал олар болмаған кезде осы зерттеу түрлерін жүргізуге лицензиясы бар зертханаларда жүргізіледі.
2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыста 26110 сынама алынды, оның ішінде 122 сынама ШРК асып кетті, сәйкессіздіктің үлес салмағы 1,1% құрайды. Облыстық сәйкессіздік көрсеткіші Аршалы ауданында, Степногорск және Көкшетау қалаларында асып түседі.
Облыс бойынша атмосфералық ауаның жай–күйіне ай сайынғы мониторинг Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның аумақтық бөлімшелерінің бақылауында қалады.