Аспаздық өнімдерді сатып алу кезінде неге назар аударған жөн?

Аспаздық өнімдерді сатып алу кезінде неге назар аударған жөн?

Аспаздық өнімдерді сатып алу кезінде неге назар аударған жөн?

 Аспаздық өнімдерді сатып алу кезіндегі жалпы ереже-жарамдылық мерзіміне назар аудару.

Сондай-ақ, тез бұзылатын тауарларды сату кезінде қажетті сақтау температурасын сақтау керек екенін есте ұстаған жөн. Кремді кондитерлік өнімдер, шұжықтар, сүт өнімдері, балық пресервілері сияқты өнімдер тоңазытқыш сөрелермен, салқындатылған сөрелермен, регалдармен (есіктері жоқ салқындатылған қабырға сөрелерімен) жабдықталған жерлерде сатылады. Дүкеннің сауда залында орнатылған заманауи тоңазытқыш жабдықтарында кіріктірілген термометрлер бар. Кез-келген сатып алушы температураның көрсеткішін көре алады. Оларды тамақ өнімдерінің қаптамасындағы ақпаратпен салыстыра отырып, сіз өзіңізге ұнайтын өнімді сатып алу туралы шешім қабылдайсыз.

Кейде аспазханада пластикалық контейнерлерге өлшеніп салынған салаттарды сатады. Салаттарды өлшемелі күйінде емес, жеке орауыштарда сатып алған жөн. Өлшемелі салаттар көбінесе көп мәрте пайдаланылатын контейнерлерге салынады, олар ауамен және тарату құралдарымен байланысады, ал өндірісте оралған салаттарда мұндай қауіп факторлары орын алмайды.    

 Мұндай контейнерлерде жаттаңба болуы керек пе? Міндетті түрде молуы керек. Егер тамақ өнімінің жеке қаптамасында таңбалау (заттаңба, төте жол) болмаса, онда мұндай салатты сәйкестендіру, талап етілетін сақтау шарттары мен жарамдылық мерзімінің сақталуын бағалау мүмкін емес. Сондай-ақ, сатушыдан тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды көрсетуді сұрай аласыз. Сатып алу кезінде тұздық қосылмаған салаттарды таңдаған жөн.

Айталық,  оливье салатын сатып алып, үйге әкелген соң жағымсыз иісі бар екенін анықтадыңыз, бірақ сақтау мерзімі әлі аяқталған жоқ. Не істеу керек? Сапасыз тауарларды сатып алуды растайтын тауарлық чекпен бірге оны сатушыға қайтарып, ақша беруді талап етіңіз. Сіз сондай-ақ Ескертулер мен ұсыныстар кітабына шағымдарыңызды жаза аласыз. Сауда объектісінің басшылығы шағымға жауап қайтаруға және белгіленген мерзімде қабылданған шаралар туралы жазбаша жауап беруге міндетті.         

Өлшемелі сатылатын салаттардың сақталу мерзімі қандай?

Барлық ұсынылған тағамдардың сақтау температурасы  +2-ден +6 °C-қа дейін.

Шикі көкөністер мен жемістерден жасалған салат: тұздық қосылмаған  салаттың сақтау уақыты 18 сағат, тұздық қосылған (майонез, тұздықтар) — 12 сағат.

Пісірілген көкөністерден жасалған винегрет: тұздық пен тұздалған көкөністер қосылмаған салат — 18 сағат, тұздық қосылған (майонез, тұздықтар) - 12 сағат.

Ет, құс еті, балық, ысталған ет қосылған салат: тұздықсыз — 18 сағат, тұздық қосылған (майонез, тұздықтар) — 12 сағат.

Консервіленген көкөністер, жұмыртқалар қосылған шикі көкөністерден жасалған салаттар: тұздықсыз — 18 сағат, тұздық қосылған (майонез, тұздықтар) - 16 сағат.