«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 021/2011 Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарын сақтау» тақырыбына онлайн форматта семинар өткізілді.

«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 021/2011 Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарын сақтау» тақырыбына онлайн форматта семинар өткізілді.

2022 жылғы 8 қыркүйекте Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ерейментау және Бурабай аудандарының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Ерейментау және Бурабай аудандарының Кәсіпкерлер Палатасы филиалдары өкілдерінің; Ерейментау және Бурабай аудандарының тамақ өнеркәсібі өндірушілері мен сауда объектілерінің өкілдерінің, Ерейментау және Бурабай басқармалары мамандарының қатысуымен «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 021/2011 Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарын сақтау» тақырыбына онлайн форматта семинар өткізілді.

Семинар барысында Бурабай ауданы, Ерейментау ауданы, Ақмола облысы бойынша 2022 жылдың 8 айында өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде өткізілген өнімді сатып алу қорытындылары талқыланды. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 021/2011 Кеден одағының техникалық регламентінің талаптары түсіндірілді.

Ерейментау және Бурабай аудандарының тамақ өнімдерін өндірушілерге және сауда объектілерінің өкілдеріне өнімді өндіру және өткізу кезінде бақылауды күшейту бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау, тамақ өнімдерінің «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 021/2011 талаптарына, сондай-ақ оларға қолданылатын Кеден одағының өзге де техникалық регламенттеріне сәйкестігін қамтамасыз ету ұсынылды.