
Оба– аса қауіпті ауру!
Обаны ұсақ сүтқоректілер ағзаларында және олардың бүргелерінде жиі кездесетін зооноздық бактерия Yersiniapestis бактериясы тудырады. Yersiniapestis жұқтырған адамда белгілер пайда болғанға дейінгі инкубациялық кезең 1-7 күнді құрайды.
Оба инфекциясының екі негізгі клиникалық түрі бар: бубонды және өкпе. Ең көп тараған түрі - ауыратын, қабынған лимфа түйіндерінің немесе «бубондардың» болуымен сипатталатын бубонды оба. Оба жануарлардан адамға ауру бүрге шаққанда, ауру тіндермен тікелей байланыста, ауа тамшылары арқылы жұғады.
Адамдардағы оба өте ауыр ауру ретінде көрінуі мүмкін. Бубонды обаның өлім деңгейі 30% - 60% жетеді, ал өкпе обасы, егер адам емделмесе, өлімге әкеледі. Сондықтан ерте диагностика және ерте емдеу өмірді сақтайды.Адамның инфекциясы келесі жағдайларда пайда болуы мүмкін:- жұқтырған бүргенің шағуы – аурудың тасымалдаушысы;- жұқтырған биологияялық сұйықтықтарымен немесе зарарлы материалдармен қорғалмаған байланыс;- өкпе обасымен ауыратын науқас дем шығарған жұқтырған ұсақ бөлшектерді / ұсақ тамшыларды ингаляциялау (ауа тамшылары арқылы).Оба жұқтырған адамда инкубациялық кезең өткеннен кейін 1күннен 7 күнге дейін, әдетте, жедел фебрильді жағдай дамиды. Типтік белгілер - кенеттен дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бас ауруы және дененің сырқырап ауыруы, сондай-ақ әлсіздік, жүрек айнуы және құсу. Обаның барлық түрлері ерте анықталса емделеді.Бубонды оба - дүние жүзіндегі обаның ең таралған түрі және жұқтырған бүргенің шағуынан пайда болады. Оба қоздырғышы Yersiniapestis адам ағзасына шаққан жерінде еніп, лимфа жүйесі арқылы жақын маңдағы лимфа түйініне қарай жылжиды, сонда ол көбейе бастайды.Өкпе обасы - бұл аурудың ең қауіпті түрі. Инкубациялық кезең өте қысқа, 24 сағат болуы мүмкін. Өкпе обасымен ауыратын кез келген адам ауа тамшылары арқылы инфекцияны басқаларға бере алады.Алдын алу шаралары тұрғындарды тұратын аймағында зоонозды обаның бар екендігі туралы хабардар етуді және өздерін бүргеден шағып алудан қорғау және өлген жануарлардың өлекселеріне қол тигізбеу қажеттілігі туралы ұсыныстарды таратуды қамтиды. Әдетте, жұқтырған дене сұйықтықтармен және тіндермен тікелей байланыста болудан аулақ болу керек. Ықтимал жұқпалы науқастармен жұмыс істеу және тестілеу үшін үлгілерді жинау кезінде стандартты сақтық шараларын сақтау керек.