
Пневмококк инфекциясы - заманауи медицинаның өте маңызды проблемасы.
Пневмококк инфекциясы - 2 жасқа дейінгі балаларда пневмонияның дамуының негізгі себебі және жалпы бактериалды пневмонияның ең көп таралуының себебі.
Streptococcus pneumoniae немесе пневмококк – адамның жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатының микрофлорасының қарапайым өкілі.
Инфекция көзі - пневмококк инфекциясының немесе бактериялық тасымалдаушының кез-келген түріндегі пациент. Ауру өршу кезеңінде және бактериялардың белсенді шығарылуы кезінде көбінесе науқастанған адам өте қауіпті.
Қоршаған ортаға бактериялық тасымалдаушы екі аптадан 4 айға дейін созылатын симптомсыз тасымалдау кезінде инфекция көзі болып табылады.
Ең ауыр инфекция 2 жасқа дейінгі балаларда, қарттарда және созылмалы бронх обструктивті, онкогематологиялық, жүрек - тамыр аурулары, демікпе, қант диабеті, АИТВ инфекциясы сияқты қатар жүретін аурулары бар адамдарда, темекі шегетіндер мен алкоголизммен зардап шегетін адамдарда кездеседі. 65 жастағы және 65 жастан асқан ересектерде өлім жағдайының ықтималдығы жоғары.
Пневмококк инфекциясы барлық органдарға әсер етуі мүмкін, отит, синусит, конъюнктивит, бронхит тудыруы мүмкін. Бірақ ең қауіпті көріністері – пневмония, сепсис, менингит. Олар өлімге әкелуі мүмкін.
Инфекция пневмония, сепсис немесе менингит тудыратынына қарамастан, бастапқы белгілер инфекцияның барлық түрлеріне тән болуы мүмкін: кенеттен қызба, қалтырау, жөтел, ентігу, кеудедегі ауырсыну, шүйде бұлшықеттері сіресуі, бағдарсыздық. Қарт адамдарда бастапқы белгілері аз болуы мүмкін, нәтижесінде олар инфекцияның басталуын уақтылы білмей және уақытында медициналық көмекке жүгінбеуі мүмкін.
Пневмониямен ауырған кезде науқастарда жөтел, ентікпе, кеудедегі ауырсыну мазалайды, менингитпен ауырған кезде науқастарда қатты бас ауруы, есінің шатысуы, жүрек айнуы, жарықтан қорқуы мүмкін. Тексерген кезде шүйде бұлшықеттерінің сіресуі байқалады.
Пневмококк инфекциясынан қорғанудың ең тиімді әдісі - вакцинация, профилактикалық егулердің ұлттық егу күнтізбесіне және эпидемиялық көрсеткіштерге сәйкес алдын-алу вакцинациясының күнтізбесіне сәйкес қауіп-қатер тобындағы балалар мен ересектерге жасалады.
Пневмококк инфекциясына қарсы алғашқы вакцинация балаға 2 айында, содан кейін 4 айында жасалады. Ревакцинация 12-15 айда жасалады.
Өмірінің алғашқы 6 айында пневмококк инфекциясына қарсы иммунопрофилактикадан өтпеген балалар екі рет вакцинацияланады, кем дегенде вакцинация 2 ай аралықпен екі рет жүзеге асырылады.
Эпидемиялық көрсеткіштерге сәйкес вакцинаның бір дозасы 2-ден 5 жасқа дейінгі балаларға, тәуекел топтарына жататын ересектерге – әскерге шақырылушыларға, 60 жастан асқан адамдарға, созылмалы өкпе ауруларынан зардап шегетіндерге, әлеуметтік қызмет ұйымдарында тұратын аға жұмыс жасындағы адамдарға бір рет енгізіледі.
Пневмококк инфекциясының спецификалық емес алдын-алу – науқастармен байланысты болдырмау, жеке гигиена ережелерін сақтау – қолды жуу, үй-жайларды үнемі желдету және дымқыл тазалау болып табылады.
Өзіңізді қорғаңыз, деніңіз сау болсын!