Жұмыс орындарын аттестаттау дегеніміз не? Оны жүргізу керек пе?
Өндірістік объектілерде жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алу мақсатында өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау міндетті түрде жүргізілуге тиіс.
Жұмыс орындарын аттестаттау дегеніміз не? Бұл орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігін, зияндылығын, ауырлығын айқындау мақсатында өндірістік объектілерді (цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын) бағалау жөніндегі қызмет.
Әрбір жұмыс орны аттестациялануы тиіс. Бұл белгілі бір жұмыс орнында адам денсаулығына зиянды немесе қауіпті факторларды анықтау үшін жасалады.
Өндірістік объектілерді аттестаттауды мамандандырылған ұйымдар бес жылда бір реттен сиретпей мерзімді түрде жүргізеді.
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттауды жүргізу тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізуді ұйымдастыру мақсатында жұмыс беруші құрамына төраға, мүшелер және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жөніндегі құжаттаманы жасауға, жүргізуге және сақтауға жауапты хатшы, басшы не оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің және келісім бойынша өзге бөлімшелердің мамандары, сондай-ақ қызметкерлердің өкілдері кіретін аттестаттау комиссиясын құру туралы бұйрық шығарады.
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау аяқталғаннан кейін өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйым оның нәтижелері туралы мәліметтерді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ол белгілеген тәртіппен күнтізбелік он күн ішінде жібереді.
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелері өндірістік объектіні аттестаттау актісі шығарылған кезден бастап күшіне енеді.
Аттестаттау нәтижелері келесі мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жұмыс орындарына аттестаттау жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзу әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын атап өту қажет!