Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу тілі бойынша заң талаптарының сақталуы.
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу тілі бойынша заң талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Семинарға Көкшетау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры, 3-сыныпты заңгер Фаризат Бейбутқызы Дайыр қатысты.
Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылатыны көзделген. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады (7-баптың 1,2-тармағы).
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi.
Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға, Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруі үшін қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық техникалық жағдайларды жасауға міндетті.
ҚР ӘҚБтК-нің 738-бабы 1-бөлігінің талабына сәйкес Қазақстан Республикасында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған кезде iс жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа да тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады.
Қолданыстағы заңнаманың жоғарыда көрсетілген нормаларының мағынасын негізге ала отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу факті анықталған немесе арыз келіп түскен кезден бастап мемлекеттік, қазақ тілдерінде, іс жүргізу тілін өзгерту туралы тиісті арыз келіп түскен кезде ғана жүргізілуі қажет, тіл уәжді қаулымен ҚР ӘҚБтК-нің жоғарыда көрсетілген бабының 2-бөлігінде көзделген басқа тілге өзгертіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша кез келген іс жүргізу мемлекеттік тілде басталуға тиіс, ал лауазымды адам тиісті өтініш алғаннан кейін ғана әкімшілік іс жүргізудің тілін айқындайды.