Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұнын фортификациялауға мониторинг жүргізу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.
Тамақ өнімдерін фортификациялау (байыту) - бұл тағамдық және биологиялық құндылығын арттыру, сондай-ақ адамның тапшылығынан болатын аурулардың профилактикасы мақсатында тамақ өнімдерін өндіру немесе қайта өңдеу процесінде оларға витаминдер, минералдар мен басқа да заттарды енгізу.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Ерекше тәртіп бойынша тексеру барысында Атбасар және Жақсы аудандарындағы диірмендерден фортификацияланған және дәруменді-минералды қоспамен байытылған жоғары сұрыпты бидай нан пісіру ұнының сынамалары алынды.
Зерттеу барысында ұнның гигиеналық нормативтерге сәйкессіздігі анықталды, атап айтқанда темірдің, мырыштың нөлдік құрамы анықталды, бұл өнімнің дәрумендер мен минералдармен байытылмағандығын (фортификацияланбағанын) көрсетеді.
Аталған факті бойынша Департамент кәсіпорын өндірушілеріне осы бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдау туралы хат жолдады.
Елорданың азық-түлік белдеуін дамыту жоспарына сәйкес, облыстың тамақ өнеркәсібінің 17-ден астам кәсіпорны өз өнімдерін Нұр-Сұлтан қаласына жеткізеді.
Департамент ай сайын жеткізілетін азық-түлік өнімдеріне өндірістік бақылау жүргізу арқылы мониторинг жүргізеді, ағымдағы жылдың басынан бері сәйкес келмейтін сынамалар анықталған жоқ.
Ай сайын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың бес айында 915 үлгі сатып алынды, оның ішінде 66 жағдайда техникалық регламенттердің талаптарына сәйкессіздік анықталды, сәйкессіздіктің үлес салмағы 7,2% - ды құрады.
Мониторингпен тауар позицияларының барлық санаттарын қамтылды:
- ет және ет өнімдерінің 142 үлгісі (20 сәйкес емес);
- құс және құс өнімдерінің 54 сынамалары (7 сәйкес емес);
- балық өнімдерінің 53 үлгісі (6 сәйкес емес);
- май өнімінің 74 сынамасы(4 сәйкес емес);
- сүт және сүт өнімдерінің 138 сынамасы (сәйкес емес);
- кондитерлік өнімдердің 76 сынамасы (3 сәйкес емес);
- аспаздық өнімдердің 5 сынамасы (2 сәйкес емес);
- ұн тарту, макарон, жарма өнімдерінің 85 үлгісі (6 сәйкес емес) және т.б.
Зерттелген шырын өнімдерінің 48 сынамасынан, арнайы тамақ өнімдерінің, оның ішінде балалар тағамының 9 сынамасынан, сондай-ақ ББҚ-ның 10 сынамасынан сәйкес келмейтін сынамалар анықталған жоқ.
Бұдан басқа, тамақ өнеркәсібі және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының ерекше тәртібі бойынша тексерулер шеңберінде өнімнің сапасына бақылау жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың 5 айында Аршалы және Целиноград аудандарының қоғамдық тамақтану объектілерінде микробиологиялық көрсеткіштер бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін дайын тамақ өнімдерінің (екінші тағамдар) екі сынамасы анықталды.
Анықталған бұзушылықтар үшін айыппұл түріндегі әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды, бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.