«Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру

«Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған қызметкерлермен кездесу өтті.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі Аманай Сейітқасымов департамент ұжымы, сондай-ақ онлайн форматта қатысқан аумақтық басқармалар алдында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын насихаттау бағытында баяндама жасады.
Өз сөзінде ректор кеңесшісі Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Конституциясына, сондай-ақ мемлекеттің басқа да нормативтік актілеріне өзгерістер енгізуді талап ететін 10 бағытты атап өтті.
Аманай Сейітқасымов өз презентациясында әрбір бағыт бойынша егжей-тегжейлі ақпарат беріп, Президенттің Қазақстанның стратегиялық бағытын қолдауға, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға, халқымыздың байырғы мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларын атап өтті.
Іс-шара соңында ведомство басшысы Айнагүл Мусина өз пікірін білдіріп, Мемлекет басшысының Жолдауда қойған міндеттерін қолдады.