«Арна» АҚП ЖШС кәсіпорнында вакцинация туралы кезекті кездесу өткізді

«Арна» АҚП ЖШС кәсіпорнында вакцинация туралы кезекті кездесу өткізді

Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айнагүл Мусина және өңірдің санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасова Макинск қаласындағы «Арна» АҚП ЖШС кәсіпорнында вакцинация туралы кезекті кездесу өткізді.

Әңгіме қызметкерлерге коронавирусқа қарсы вакцинация туралы егжей-тегжейлі айтып беру үшін ұйымдастырылып, өткізілді.

Әңгіме басында Айнагүл Мусина COVID-19 эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндады. Қазақстанда қолданылатын вакциналардың түрлері, вакцинация процедурасы қалай жүретіні және ағзаның вакцинацияға ықтимал реакциясы туралы айтып берді.

Негізгі ақпараттық бөлімнен кейін қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды және сол сұрақтардың саны аз болған жоқ. Мынадай сұрақтар қойылды: Вакцинаның қандай қарсы көрсетілімдері бар? Вакцинациядан бұрын антиденелерге қан тапсыру керек пе? Вакцинацияланған адам коронавирус инфекциясын жұқтыра ала ма? Спикерлер туындаған барлық сұрақтарға жауап берді.

Кездесу жемісті өтті және көптеген адамдар вакцинация туралы«ашық» және түсінікті мәлімет алды.

Сәуле Сәдуақасова атап өткендей, кәсіпорын қызметкерлерін жаппай вакцинациялау ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға және кәсіпорын қызметкерлерінің ғана емес, олардың отбасыларының өмірі мен денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.