Өнім қауіпсіздігін мониторингілеу: бақылау сатып алу нәтижелері

Өнім қауіпсіздігін мониторингілеу: бақылау сатып алу нәтижелері

Тұтыну нарығында айналымдағы өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылдың басынан бастап бақылау сатып алу әдісімен өнімдерге мониторинг жүргізілді. Осы жұмыс аясында 717 өнім үлгісі іріктеліп, зерттелді, оның ішінде 600-і тағам өнімдерінің үлгілері және 117-і тағамға жатпайтын тауарлар үлгілері.

Зертханалық зерттеулер нәтижесінде 9 өнім үлгісінің техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды, оның ішінде 6 үлгі тағам өнімдері және 3 үлгі тағамға жатпайтын тауарлар. Сәйкес келмейтін өнімдердің үлесі зерттелген жалпы үлгілер санының 1,3%-ын құрады.

Мониторинг Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден келетін тауарларды, отандық өндіріс өнімдерін, сондай-ақ басқа елдерден импортталатын өнімдерді қамтыды. Зерттеулер өңірдің тұтыну нарығында ұсынылған тағам өнімдері мен тағамға жатпайтын тауарларға қатысты жүргізілді.

Анықталған қауіпсіздік пен сапа талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің айналымы бойынша барлық фактілерге жедел әрекет ету шаралары қабылданды. Өнімдерді айналымнан алып қою және кері қайтарып алу туралы 7 қаулы шығарылып, олар толық көлемде орындалды.

Анықталған бұзушылықтардың себептерін анықтау және қауіпті өнімдердің әрі қарай айналымға түсуінің алдын алу мақсатында 7 тексеру жүргізілді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өнім сапасы мен қауіпсіздігін бақылау санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Жүргізіліп жатқан жұмыс тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, заңнама талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің айналымын болдырмауға, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған.