Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Департамент қызметкерлері мен оның аумақтық бөлімшелерінің мамандарына арналған құқықтық жалпыға бірдей оқыту семинары өткізілді.

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Департамент қызметкерлері мен оның аумақтық бөлімшелерінің мамандарына арналған құқықтық жалпыға бірдей оқыту семинары өткізілді.

Іс-шара онлайн форматта өтіп, оған облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен мамандары қатысты.

Семинар барысында қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңнаманы бірізді қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелері қарастырылды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібіне ерекше назар аударылды. Өтініштерді тіркеу, оларды қарау мерзімдері, құжаттарды жолдау тәртібі және өтініш берушілердің құқықтарын сақтау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің негізгі ережелері қарастырылып, әкімшілік іс жүргізу сатылары, дәлелдемелерді жинау және бағалау, кінәсіздік презумпциясы қағидаты, процестік шешімдерді қабылдау және олардың орындалуын бақылау мәселелері түсіндірілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қызметкерлердің құқықтық мәдениетін одан әрі арттырудың және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.