
Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қазақ тілі курстарына қатысатын қызметкерлері жартыжылдық қорытынды бойынша сынақ тапсырды.
Сынақ барысында қатысушылар мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін көрсетті. Бұл – қызметтік құзыреттілікті арттырумен қатар, қазақ тілін дамытуға және оны күнделікті жұмыста қолдануға бағытталған жүйелі еңбектің нәтижесі.
Барлық қатысушылар сынақты сәтті тапсырды.