2026 жылға арналған №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» Үлгілік базалық бағытын орындау мақсатында, Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жоспарлы ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың басталғанын хабарлайды.
Талдау жүргізу кезеңі: 2026 жылғы 4 мамыр мен 31 мамыр аралығы.
Қамтылатын қызмет кезеңі: 2025 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылғы 4 мамырға дейін.
Аумақтық қамту: Талдау келесі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларында жүргізіледі: Ерейментау, Шортанды, Қорғалжын, Астрахан, Егіндікөл, Атбасар аудандары; Ақкөл және Көкшетау қалалары.
Ішкі талдаудың негізгі бағыттары
Мониторинг барысында қызметтің келесі блоктары тексеріледі:
1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: бөлімшелердің осы бағыттағы жалпы жұмысы.
2) Бақылау-қадағалау қызметі: тексерулерді тіркеу мен жүргізудің заңдылығы (соның ішінде ҚР БП ҚСжАЕК тарапынан тіркеуден бас тарту себептерін талдау).
3) Әкімшілік практика: жеке, лауазымды және заңды тұлғалардың кінәсін анықтаудың заңдылығы.
4) Талап-арыз жұмысы: мемлекеттік органның пайдасына шешілмеген сот шешімдерін талдау.
5) Мемлекеттік қызметтер: қызмет көрсету мерзімдері мен тәртібінің сақталуы, СЭҚ (санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) берудің немесе одан бас тартудың заңдылығы, сондай-ақ жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау.
6) Өтініштермен жұмыс: жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қараудың объективтілігі мен мерзімдерінің сақталуы.
Жұртшылықтың қатысуы
Біз мүдделі жеке және заңды тұлғаларды талдау нәтижелерін көпшілік алдында талқылауға қатысуға шақырамыз.
Уақыты: 2026 жылғы 14 мамыр, сағат 15:00.
Мекенжайы: Көкшетау қ., Кенесары көшесі, 14 А (мәжіліс залы) немесе «ZOOM» платформасы арқылы.
Анықтама алу және «ZOOM» платформасына сілтеме алу үшін байланыс телефондары: +7 (7162) 26-46-58, +7 (777) 040-00-29, +7 (777) 100-23-64.