Мониторинг качества питьевой воды в Акмолинской области: ситуация стабильная, контроль усилен

Мониторинг качества питьевой воды в Акмолинской области: ситуация стабильная, контроль усилен
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты екенін хабарлайды. Су арқылы таралатын аурулардың алдын алу мақсатында ауыз судың сапасына тұрақты түрде санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізілуде.
 
Мониторинг орталықтандырылған сумен жабдықтау көздерін қамтып, судың микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштері бойынша зертханалық талдауларды қамтиды. Жалпы алғанда, облыстағы ауыз су сапасы бақылауда, дегенмен жекелеген жағдайларда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін көрсеткіштер тіркелуде.
 
Ауыз су сапасының төмендеуіне әсер ететін негізгі себептердің қатарында су құбырлары мен инфрақұрылымның тозуы, тазарту құрылыстарының тиімділігінің жеткіліксіздігі, сондай-ақ профилактикалық және жөндеу жұмыстарының уақтылы жүргізілмеуі бар. Сонымен қатар, сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарын күтіп-ұстау мәселелері де өзекті күйінде қалып отыр.
 
Мемлекеттік бақылау аясында сумен жабдықтау нысандарына жоспарлы тексерулер жүргізілді. Тексеру нәтижесінде барлық нысандарда санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзушылықтары анықталып, оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылдануда. Осы бағыттағы бақылау күшейтілді.
 
Халықты сапалы әрі қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету – санитариялық қызметтің басым міндеттерінің бірі. Осыған байланысты тұрғындарға тек сенімді су көздерін пайдалану, ал ашық су айдындарынан, құдықтар мен бұлақтардан алынған суды алдын ала тазартпай және қайнатпай тұтынбау ұсынылады.
 
Сумен жабдықтау жүйелерінің жай-күйін жақсарту және санитариялық қауіпсіздік деңгейін арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.